Көк-Жайлау: қалай жетуге болады
Көк-Жайлау - қала мен Үлкен Алматы шатқалының арасындағы жасыл алқап, шамамен 2000 метр биіктікте. Соқпақтан бүкіл Алматы көрінеді, сондықтан жазда және демалыс күндері адам көп.
Қалай жетуге болады
Жаяу соқпақтар бірнеше жақтан шығады: әл-Фараби даңғылынан (Терренкур жағынан), Медеу жағынан және Просвещенец жағынан. Жаяу - бір бағытта 2,5 сағаттай, қайтуы да сонша, сондықтан бір серуенге күннің көбі кетеді.
Ауа райы
Ауа райын алдын ала қараған жөн: қалада ыстық болса, алқапта жел тұрып, салқындау болуы мүмкін, әсіресе кешке таман. Ең қолайлы кезең - мамырдан қазанға дейін, қыста соқпақ қар астында.
Электробайкпен жылдам
Көк-Жайлау турында көтерілу жаяу 2,5 сағаттың орнына 30-40 минут алады, суретке және демалуға уақыт қалады. Маршрут жаңадан бастаушыларға арналған, старт алдында үйретеміз, экип береміз. Жоғарырақ барғың келсе - метеостанцияға және Көк-Жайлау жотасына жалғасы бар.
